Баланың "есірткі жасырушы" болып жұмыс істейтінін қалай білуге болады
Полиция ата-аналарға мына белгілерге назар аударуды ұсынады:
🔹️ баланың телефонында үй кіреберістерінің, аялдамалардың, қабырғалардың суреттері пайда болса;
🔹️ жеке заттары арасында изолента, zip-пакеттер, қалта электронды таразылары пайда болса;
🔹️ араласатын ортасы өзгерсе;
🔹️ сөйлеу мәнері өзгеріп, әңгіме тақырыбын бұруға тырысса, дөрекілік танытса;
🔹️ күн тәртібі өзгерсе: оқуға бірнеше сағат бұрын кетіп, оқудан бірнеше сағатқа кешіксе, кіммен және қайда болғанын айтпаса;
🔹️ жаңа заттар пайда болса және оның қайдан келгенін түсіндіруден бас тартса.
Бұл белгілердің пайда болуы баланы бақылауға, кез-келген заңсыз іс-әрекеттің салдарын түсіндіре отырып, онымен сөйлесуге себеп болуы керек.
❗ Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, ал есірткі сатқаны үшін 14 жастан басталатынын еске салады.