Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығының ( 01.03.2023 №56 бұйрығы өзгерістермен) бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі» 5-тарау, 33-тармақ, 4-тармақшасына сәйкес «Халел Досмұхамедұлы атындағы № 35 орта мектебі» КММ-сі 2023-2024 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің қайта құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды.
«Халел Досмұхамедұлы атындағы №35 орта мектебі» КММ қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткерлердің өтініштерін қабылдау Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, 11 мөлтек ауданы, 145 үй мекен-жайы бойынша жүргізіледі. Электронды мекен-жайы: akt_sh35@mail.kz телефоны 8(7132) 73-03-27
Қамқоршылық кеңес -заңды және жеке тұлғалардан білім беру мекеме шотына түскен қайырымдылық жарналарына қоғамдық бақылау жүргізетін алқалы орган.
Қамқоршылық кеңестің мақсаты:
1) білім беру ұйымының жарғы қызметтерін іске асыруына көмек беру;
2) білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымның педагогика ұжымы және оқушылар үшін қажетті жағдай жасау;
3) білім беру ұйымының материалды-техникалық базасын нығайту, қаржылай қамтамасыз ету;
4) білім беру ұйымының әрі қарай дамуы үшін жәрдем ету;
Қамқоршылық кеңесінің негізгі бағыттары
1) әлеуметтік-мәдени және сауықтыру шараларын өткізуде білім беру ұйымына көмек көрсету;
2) тәрбие және білім саласындағы халықаралық қатынасты орнатуға және дамытуға жәрдемдесу;
3) халықтың осал топтарынан шыққан оқушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға көмектесу;
4) білім беру ұйым жұмысындағы кемшіліктерін жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу.
Қамқоршылық кеңестің міндеттері: