Меню KDT
Ақтөбе қ., 11 мөлтек ауданы, 145 үй
-@-

Жаңалықтар

Құрметті ата-аналар!

“Х.Досмұхамедұлы атындағы 35 орта мектебі” КММ білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап жаңа 2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау басталатынын хабарлайды.

– ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініш;

– “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №148139 болып тіркелген) бекітілген № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және “Бала денсаулығы паспорты” 026/у-3 есеп нысаны, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген);                                                              – баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.

Оқуға қабылдау ағымдағы жылдың 1 тамызында аяқталады.

Қосымша ақпаратты 8(7132) 730-327 нөміріне хабарласу арқылы алуыңызға болады.

29.03.2022
0
129