ХАБАРЛАНДЫРУ!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгі ережелеріне» сәйкес «Халел Досмұхамедұлы атындағы №35 орта мектебі» КММ 2022-2023 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды. Қабылдау мерзімі: 06.03-18.03.2023 ж.
«Халел Досмұхамедұлы атындағы № 35 орта мектебі» КММ қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткерлердің ұсыныстарын қабылдау Ақтөбе қаласы, 11-шағын ауданы, 145 үй мекен-жайы бойынша жүргізіледі. Электронды мекен-жайы: email: akt_sh35@mail.ru , байланыс телефоны: 8(7132) 73-03-29, 73-03-28
Қамқоршылық кеңес - заңды және жеке тұлғалардан білім беру мекеме шотына түскен қайырымдылық жарналарына қоғамдық бақылау жүргізетін алқалы орган.
Қамқоршылық кеңестің мақсаты:
- білім беру ұйымының жарғы қызметтерін іске асыруына көмек беру;
- білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымның педагог ұжымы және оқушылар үшін қажетті жағдай жасау;
- білім беру ұйымының материалды-техникалық базасын нығайту, қаржылай қамтамасыз ету;
- білім беру ұйымының әрі қарай дамуы үшін жәрдем ету;
Қамқоршылық кеңесінің негізгі бағыттары
- әлеуметтік-мәдени және сауықтыру шараларын өткізуде білім беру ұйымына көмек көрсету;
- тәрбие және білім саласындағы халықаралық қатынасты орнатуға және дамытуға жәрдемдесу;
- халықтың осал топтарынан шыққан оқушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға көмектесу;
- білім беру ұйымыжұмысындағы кемшіліктерін жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу.
Қамқоршылық кеңестің міндеттері:
- Білім беру үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге жәрдем көрсету;
- Білім беру ұйымына педагог қызметкерлерінің және оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға жәрдем ету;
- Білім беру мекемесіне педагог және басқа да қызметкерлердің еңбек жағдайын ұйымдастыруға және жақсартуға көмек көрсету;
- Білім беру мекемесіне мәдени-сауықтыру, туристік-экскурсиялық және спорттық-көпшілік шараларын ұйымдастыруға көмектесу;
- Білім беру мекемесіне материалды-техникалық базасын жетілдіруге жәрдемдесу; (абаттандыру және жарықтандыру т.с.с.);
- Білім беру мекемесін дамыту және білім үдерісінің аса тиімділігін қамтамасыз ету үшін бюджеттен тыс қаржы алу;
- Білім беру мекеме оқушыларының,тәрбиеленушілерінің және қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмек көрсету.
Өтініш