Меню KDT
Ақтөбе қ., 11 мөлтек ауданы, 145 үй
-@-

Жаңалықтар

Педагогтерді жұмысқа қабылдау

   Халел Досмұхамедұлы атындағы №35 орта мектебіне педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістермен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.

  • Мектептегі бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz» сайты арқылы білуге болады;
  • Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
  • Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қағиданың 107-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады:

      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

  • Жоғарыда көрсетілген тізбедегі құжаттарды жинап, төменде көрсетілген мекен-жайда орналасқан мектептің қабылдау бөліміне тапсыруға болады.

Ақтөбе қаласы. 11 мөлтек ауданы 145 үй, тел: 8 (7132) 73-03-27

2022-2023оқу жылына бос педагог қызметіне жарияланған бос орындар

Мекеме атауыБос лауазым атауыСағат жүктемесіОқу тілі Тұрақты уақытша орын
1«Х.Досмұхамедұлы атындағы №35 орта мектебі» КМММатематика мұғалімі16 (сағат)Орыс тілі декреттік орын
2«Х.Досмұхамедұлы атындағы №35 орта мектебі» КММБастауыш класс мұғалімі16 (сағат)Орыс тілі декреттік орын

                         Мектеп директоры:                             Б.Д.Ержан

17.08.2022
0
148